38. СОҢҒЫ НҮКТЕ
Бүгінде елде отандық фильмдерге көрермен тарапынан сұранысы артты. Осыған сай болған оқиғаларға негізілделген жаңа туындылар жарық көре бастады. Сондай көрермен асыға күткен фильмнің бірі - «38. Соңғы нүкте». Бұл - 2023 жылы Семей орманындағы қайғылы оқиғаны негізге ала отырып түсірілген драмалық фильм. Туынды табиғи апатпен бетпе-бет келген орманшылардың тағдыры арқылы адам өмірінің құндылығы, жауапкершілік, достық пен отбасы, ерлік пен таңдау тақырыптарын қозғайды.
Кенеттен тұтанған өрт аз уақыттың ішінде бақылаудан шығып, олардың өмірін түбегейлі өзгертеді. Жалын күшейген сайын кейіпкерлер табиғаттың алапат күшімен ғана емес, өз қорқыныштары мен өмірде жасаған таңдауларының салдарымен де арпалысады.