ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ БАЛАҒАТ СӨЗ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Соңғы уақыттары әлеуметтік желіде балағат сөз айтып, шындыққа жанаспайтын ақпарат тарататын желі қолданушылары көбейді. Егер мұндай бейәдептілік танытсаңыз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Жақында аймақ тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, дәл осындай 4 бұзушылықты анықтады. Естеріңізге сала кетейік бақылау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан полицейлер азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.