ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА МЕКТЕПТЕ ҚАРСЫ АЛДЫ
Бүгін - Білім күні! Айтулы күнде қала оқушылары жаңа оқу жылын, жаңа мектепте қарсы алды. "Оңтүстік-Батыс-2" тұрғын алабында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында - №87-ші Жалпы білім білім беретін орта мектеп қолданысқа берілді. Нысан ғимараты 300 оқушыға шақталып салынған. Барлық заманауи құрал-жарақтармен толықтай жабдықталған. Биыл мұнда 50 оқушы алғаш мектеп табылдырығын аттап, 1-ші сыныпқа қабылданды.