10 МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ИНКЛЮЗИЯ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ
Өңірдегі 10 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа инклюзия кабинеттері ашылды. Заманауи кеңістіктер "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен жабдықталған. Бұл кабинеттерде 600-ден астам оқушы қажетті қолдау ала алады. Бүгін өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген "Самұрық - Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов кабинеттерді аралап, жұмыс барысымен танысты.