Негізгі Жаңалықтар «АЛТЫН ОРДА» ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

«АЛТЫН ОРДА» ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Білім күні «Алтын Орда» шағын ауданында да жаңа жалпы білім беретін №81 мектептің ашылу салтанаты өтті. Оқу жылының басталуымен білім беру ұйымы өз жұмысын бастап, оқушыларды қабылдады.

Мектеп 900 оқушыға арналған. Жаңа ғимарат білім беру инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға сай салынып, оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымының инфрақұрылымы оқушылардың білім алуына, шығармашылық және спорттық бағыттармен айналысуына, сондай-ақ жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, бұл білім ордасы да «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар