ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ОҚУШЫЛАР ӨСІРГЕН МЕКТЕП АУЛАСЫНДАҒЫ БАҚША ӨНІМДЕРІ ТАРАТЫЛДЫ
Хиуаз Доспанова атындағы №14 орта мектепте биыл үшінші жыл қатарынан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында бірегей жоба жүзеге асып келеді. Ол қандай жоба дейсіз ғой?.. Білім ордасының оқушылары ұстаздарымен бірігіп, жаз бойы өсірген бақша өнімдерін, жаңа оқу жылында мұқтаж отбасыларға таратып берді.