ҰЛТТЫҢ ТІЛІН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ - ТҰЛҒА
Ертең - қазақтың рухани көсемі, ұлт ұстазы, ғалым әрі ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сондай-ақ, атаулы күн Қазақстан халқы тілдер мерекесі деп те белгіленген. Соған орай, өңірде түрлі мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін мектеп қабырғасында ғалымның өмірі мен шығармашылығы дәріптеліп, ана тілінің қадір-қасиеті насихатталды.