ҚҰБЫРЛАР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Қаладағы кәріз желілері жаңа әдіспен жаңартылуда. Мамандар құбырларды қазып алмай-ақ, заманауи технологиялардың көмегімен қалпына келтіріп жатыр. Қазіргі таңда Шоқан Уәлиханов көшесіндегі кәріз желілеріне санация жұмыстары жүргізілуде. Ал Қарасай батыр көшесінде 30 жылдан бері жөндеу көрмеген жылу жүйесі толық ауыстырылды.