Негізгі Жаңалықтар ГРАФФИТИ САЛАТЫНДАРҒА ҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

ГРАФФИТИ САЛАТЫНДАРҒА ҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Есірткі - адам өміріне түбегейлі балта шабатын қауіпті зат. Ал оны саудалап, насихаттайтындар заң алдында жауап береді. Аймақтың құқық қорғау саласының мамандары жыл сайын есірткі қылмысының алдын алу бағытында жедел жұмыстар атқарып келеді. Биыл да, бұл бағыттағы рейдтік шаралар күшейе түсті. Алдымен жауапты мамандар қоғамдық орындар мен көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына жазылған граффити жазуларды анықтап, жарнамаларды өшірді. Және бұл іске қатысы барларды дер кезінде ұстап, тергеу жұмыстарын жүргізуді қолға алды. 


Бөлісу