ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "АҚ ТАЯҚ" КҮНІ
Көру қабілеті шектеулі жандар үшін қоршаған ортаны сипап сезіну - ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ақтөбеде арнайы кітапхана мамандары ерекше қажеттілігі бар балаларға тактильді өнер арқылы шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік берді. Халықаралық "Ақ таяқ" айлығы аясында ұйымдастырылған шарада қатысушылар қыш-құмыра жасап, өз қолдарымен түрлі бұйымдар әзірледі.