ШІРКЕЙ КӨБЕЙІП КЕТТІ
Қалада шіркей қаптап кеткен. Сондықтан мамандар көмегімен зиянкестерді жою жұмыстары жүргізілуде. Қазір залалсыздандыру Алматы ауданындағы қоғамдық орындарда, атап айтқанда саябақтарда, гүлзарларда және өзен жағалауларында қолға алынған. Бұл шараға екі бригада жұмылдырылған, олардың қатарында зиянкестермен күрес жөніндегі алты маман және үш бірлік техника бар.