Негізгі Жаңалықтар ДРОП-КАРТАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

ДРОП-КАРТАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Полиция қызметкерлері алаяқтардың азаматтардан алдап алған ақшалай қаражатын банк карталары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 18–25 жас аралығындағы жастардан банк карталарын 20–30 мың теңгеге сатып алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқандығы анықталды. Аталған банк карталары алаяқтық жолмен иеленілген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдаланылған. 

Бөлісу