ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Өңірде грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы турнир басталды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған тартысты дода әр өңір үздіктерінің басын қосты. Олар 2 күн бойы әлем чемпионатының жолдамасы үшін сынға түседі.