"АУЫЛ АМАНАТЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРГЕН КӘСІПКЕР
Ырғызда аудан тұрғындары игілігін көріп отырған мемлекеттік бағдарламаның бірі - "Ауыл аманаты". Стартап жоба басталғалы кәсіп ашуға ниет білдіріп, өтінім берген 150-ден астам адамның өтінімі мақұлданған. Солардың бірі аудан тұрғыны - Айдар Атантаев. Кәсіпкер 2 жыл бұрын жеңілдетілген несие алып, жаңа монша ашқан. Бүгінде сол кәсібінен нәпақа тауып отыр.