Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА 16 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА 16 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыста 16 мыңнан астам балаға қолдау көрсетіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды. Білім басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа 816 млн теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Көмекке мұқтаж әр балаға 50 861 теңге төленеді. Қаржылай көмекті тамыздың 15-іне дейін аудару көзделіп отыр. Біржолғы мемлекеттік қолдау Байғанин ауданында табиғи апаттан зардап шеккен отбасы балаларына да аударылады. Ал дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Аталған көмек төмендегі санаттар бойынша көрсетілмек. 

Бөлісу