Аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту матсатында Темір ауданында жергілікті жол желісін дамыту қолға алынды. Қазіргі уақытта жол құрылысы аудан орталығында қыза түскен. Яғни, Темір қаласында үш көшеге жаңадан жол салынып, асфальт жабындысы төселуде. Мұндай ілкімді жұмыстар ауданға қарасты елді мекендерде де іске асуда.