«Қауіпсіз жаз» профилактикалық акциясы аясында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балалар мен ересектерге судағы қауіпсіздік ережелерін, терезеден құлаудың алдын алу шараларын түсіндірді. Әрі өрт кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін айтып берді. Кішкентай балғындарға құтқару қызметінің жұмысы таныстырылып, пайдалы кеңестер берілді. Бұдан бөлек, шара барысында балаларға ерекше тосынсый жасалды. Аптап ыстықта өрт сөндіру көлігінен шашыраған салқын сумен сергіген бүлдіршіндер шаттыққа бөленіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ерекше сәттің куәсі болды.