Сұйытылған газ, авиаотын, көтерме қант саудасы және кинопрокат қызметтері нарығына талдау жүргізілді. Тексеру нәтижесінде монополияға қарсы заңнаманы бұзған бір кәсіпорынға сот шешімімен 400 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүргізілген мониторинг барысында бірнеше ұйымның заң талаптарын сақтамай, монополияға қарсы органның келісімінсіз қызмет көрсеткені анықталды. Осыған байланысты бес нұсқама беріліп, бүгінде анықталған заң бұзушылықтардың барлығы жойылды. Бұдан бөлек , жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті интернет байланысы, метан газы және мұз айдынын жалға беру қызметтерінің бағасына бақылау жүргізді. Қазір сүт өнімдері, дәрілік заттар, интернет және санитариялық қызметтер нарығына талдаулар жалғасуда. епартаменттің мәліметінше,басты мақсат – кәсіпкерлерге тең мүмкіндік жасап, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.