Атқарушылық іс жүргізуге қатысатын азаматтар енді бірқатар қызметті онлайн пайдалана алады. Әділет департаменті «Тараптар кабинеті» деп аталатын онлайн сервисті іске қосты. Яғни енді арнайы портал арқылы сот орындаушыға үйден шықпай-ақ өтініш жолдап, атқарушылық іс бойынша қабылданған шаралармен танысуға болады. Сондай-ақ сот орындаушының әрекеттерін бақылап, істің орындалу барысы туралы ақпаратты онлайн алуға мүмкіндік туды. Жаңа жүйе атқарушылық іс жүргізу процесін барынша ашық және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іске қосылды.