Газдандыру жұмыстарының қарқын алуы өңірдің отын теңгеріміне оң әсерін тигізіп отыр. Былтырмен салыстырғанда биыл бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардың қатты отынға деген қажеттілігі төмендеген. Елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар кезең-кезеңімен көгілдір отынға қосылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.