Үй кезегі, жер кезегі, әлеуметтік көмектер кезегі... Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде тұрғындар түрлі кезектерде тұрады. Бірақ, бүгінде балалар туа сала кезекте тұратынын білесіз бе? Қазір ата-аналар бөбектерін дүниеге келгеннен бастап балабақша кезегіне қояды. Әсіресе облыс орталықтарында бөбекжай тапшылығы бар.