Бүгін - халықаралық шахмат күні. Соңғы жылдары зияткерлік спорт түріне қызуғушылардың қатары қалың. Бүгінде облыста 20 мыңға жуық адам шахматпен тұрақты айналысады. Интеллектуалды спорт "Мектептегі шахмат" жобасы аясында аймақтағы 87 мектептің білім беру бағдарламасына енгізілсе, биылдан бастап бұл көрсеткіш 2 есеге артпақ.