Облыс аумағында қолға алынған республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытыланды. Тоғыз күн ішінде заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін 316 көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Өйткені, кейбір жүргізушілер профилактикалық жұмыстардың тұрақты жүргізілуіне және заң талаптарының қатаңдатылғанына қарамастан, өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндіріп, мас күйінде рульге отыруын тоқтатпаған. Оларға заң аясында тиісті шаралар қонданылды. Қорыта айтқанда, белгіленген уақыт аралығында 3 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.