Халықаралық жайылымдар мен жайылымдық мал шаруашылығы жылына орай Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығы мен өңір фермерлері бірлесіп, аймақта «Дала күні» шарасын өткізуде. Игі бастама «Қазақстандағы жайылымдардың климаттық тұрақтылығын арттыру және жайылымдық алқаптарды қалпына келтіруге арналған агроорман-мелиорация» жобасы аясында жүзеге асуда. Тақырып аясындағы шара Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінде ұйымдастырылды. Онда қатысушыларға жайылымдарды кешенді және тұрақты басқарудың тиімді модельдері, тозған жайылымдарды қалпына келтірудің заманауи технологиялары таныстырылды.