Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Қазыналы ел» челленджіне қатысты. Бастама ұлттық мұра мен тарихи құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Челлендж аясында қазынашылық қызметкерлері Темір ауданындағы Досжан ишан мемориалдық кешеніне барды. Досжан ишан Қашақұлы – XIX ғасырдағы көрнекті діни ағартушы, ұстаз әрі рухани көшбасшы. Ол туған өлкесінде мешіт пен медресе ашып, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген. Бүгінде мемориалдық кешен – өңірдің маңызды тарихи-рухани орындарының біріне айналды. Мұндай бастамалар ұлттық мұраны дәріптеп, тарихи құндылықтарды кейінгі ұрпаққа танытуға мүмкіндік береді,- дейді ұйымдастырушылар.