Ақтөбелік жастар Абайдың 45 қара сөзін қырық бес күн бойы оқу челленджін бастады. Игі бастама жыраулық өнерді жаңғыртып жүрген "Ер Едіге" жыр мектебінің жаңа жобасы. Жыр сүйер жастар бүгін қаладағы С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында бас қосты.