"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында қалада Хиуаз Доспанова атындағы №14 орта мектепте биыл үшінші жыл қатарынан бірегей жоба жүзеге асып келеді. Жаз мезгілінде оқушылар ұстаздармен бірге мектеп бақшасындағы көкөніс пен жеміс түрлерін өсіру, суару, күтіп-баптау жұмыстарымен айналысады. Ал ала жаздай жайқалған өнім мұқтаж отбасыларға қайырымдылық ретінде беріледі.