ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ВОЛОНТЕР БАР?
Биыл халықаралық - "Волонтерлер жылы". Осыған орай волонтерлердің ұлттық фронт-офисі жетекшілері өңірлерді аралап, еріктілермен кездесіп жүр. Бүгін олар Ақтөбе облысына аялады. Бұл фронт-офис қызметкерлері тоқтаған 16-шы өңір. Баспасөз мәслихатында "Қазақстанда қанша волонтер бар?", "Қанша волонтерлық ұйым бар?" деген сауалдарға нақты жауап берілді. Бұған қоса волонтер болуға ниетті жастарға мемлекет тарапынан жасалатын қолдау да айтылды.