Негізгі Жаңалықтар АЛТЫН ТОЙ ИЕЛЕРІ "ҚҰРЫЛТАЙ" САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ 

АЛТЫН ТОЙ ИЕЛЕРІ "ҚҰРЫЛТАЙ" САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ 

Құрылтай сайлауына отбасы мүшелерімен қатысу - азаматтық белсенділік пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі. 50 жыл отасқан алтын той иелері Есенғали Бауыржан мен Назымкүл Оспанова бүгін сайлауға бірге қатысып, өз таңдауларын жасады. Ерлі-зайыпты №26 сайлау учаскесіне немерелерімен келіп, дауыс берді.Бауыржан Жағыпұлы физика пәнінің мұғалімі,әлі де ұстаздық қызметте. Ал жары Назымкүл Сүйіншалықызы ағылшын тілінен сабақ берген. Өнегелі әулеттің басты ұстанымы береке мен бірлік. Ал елдік мәселеге үн қосу - азаматтық парыз. Сондықтан алдымен өзіміз кейінгі ұрпаққа үлгі болуымыз керек дейді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар