ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Айтулы күні мүгедектігі бар жандар да белсенділік танытты. №21 сайлау учаскесінде азаматтар еш кедергісіз дауыс беру үшін толық жағдай жасалған. Мұнда барлығы 2161 сайлаушы тіркелген. Оның 12-сі - мүгедектігі бар азаматтар. Олардың қатарында көру қабілеті төмен, есту қабілеті бұзылған және мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдар бар. Көру қабілеті төмен тұрғындар үшін учаскеде Брайль қарпімен жазылған арнайы трафареттер мен аудио көмекші қарастырылған. Ал, есту қабілеті бұзылған азаматтарға виртуалды көмекші қызмет көрсетеді. Мүгедектер арбасын қолданатын жандарға да учаскеге кіріп-шығуға қажетті жағдай жасалған.