ЖАҢАРҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жаңғыртудан өтуде. Солардың жетеуі Ақтөбе облысына тиесілі. Бүгін қайта жаңғыртудан өткен бірқатар вокзал нысаны телекөпір арқылы салтанатты түрде іске қосылды.