БИЫЛ ӨҢІРДЕГІ КОЛЛЕДЖЕРДЕ ЛИФТ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЛОГОПЕДИЯ МАМАНДЫҚТАРЫ ОҚЫТЫЛАДЫ
Аймақтағы кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері де дәстүрлі Тамыз кеңесінде бас қосып, жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтармен танысты. Өңірдегі 40 колледж 80 нен астам кәсіп бойынша мамандарды даярлайды. Биыл облыста 5000-нан астам талапкер тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде еңбек нарығындағы сұраныс пен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ескерілмек. Негізгі басымдық жұмысшы мамандықтарға беріледі. Мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы осы салаға бөлінбек. Айта кететін жайт, биыл алғаш рет аймақта лифт шаруашылығы және кәсіби логопед мамандарды даярлау басталады. Жаңа мамандық еңбек нарығының сұранысына сәйкес және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр .