ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ КӨКӨНІСПЕН ЖӘНЕ КАРТОППЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Қарғалылық шаруалар аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосуда. Ауданның «Картоп өлкесі» аталуы да жайдан жай емес. Биылдың өзінде нақ осы бақша өнімін өсіруге 1350 гектар жер бөлінген. Ал алынған өнімге сұраныс жоғары. Шаруалар жергілікті халықты көкөніспен және картоппен қамтамасыз етуге асығуда.