ЦИФРЛЫҚ НОТАРИАТ
«Цифрлық нотариус» қызметі қазақстандықтарға қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ, қашықтан ресімдеу мүмкіндігін ұсынады. Смартфон арқылы қарапайым қадамдарды орындау арқылы пайдаланушылар сенімхаттарды, келісімдер мен ресми мәлімдемелерді онлайн рәсімдеп, сондай-ақ кеңес ала алады. Мамандар болашақта барлық нотариаттық қызметтердің цифрлық форматқа толық көшетініне үміт артады.Цифрлық нотариат қызметтері елімізде 2023 жылдан бері қолданыста.