МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫ КЕҢЕЙДІ
Өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл жергілікті атқарушы органдардағы құжат айналымының 96,2 пайызы мемлекеттік тілде жүргізілген. Ал қала мен аудан әкімдіктері бойынша бұл көрсеткіш 99 пайызға жетті. Көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігі де тұрақты бақылауда. Мемлекеттік тілді үйренуге ниетті азаматтарға да мүмкіндік жасалған. 2026 жылдың сегіз айында тіл курстарына 1176 адам қатысты, оның 34 пайызы өзге ұлт өкілдері. Ал, 1-10 қыркүйек аралығында өңірде тіл мәдениетін насихаттауға және мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара өтеді.