АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
Шаһарда жаздың әр кеші көңілді өтуде. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымының бастамасымен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен демалыс алаңдарында мәдени шаралар жиі өткізіле бастады. Сондай тартымды музыкалық кештің бірі кеше өтті.