ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІ
Құрылтай депутаттарын сайлау осы жексенбіде өтеді. Дауыс беру азаматтардың жеке қатысуымен жүзеге асырылады.Сайлаушы тізімде болуы тиіс және жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі қажет. Егер азамат денсаулығына байланысты немесе басқа да себептермен бюллетеньді өз бетінше толтыра алмаса, өзі сенетін өзге біреудің көмегіне жүгіне алады. Бұл ретте көмек көрсеткен адамның деректері сайлаушылар тізіміне енгізіледі.