АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ: АЙМАҚТА 6 «АКТИВАТОР» АНЫҚТАЛДЫ
Абайлаңыз, аймақта алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп жатыр. Оны ел арасында "Активатор" деп те атап үлгерген. Яғни, бұл жолы жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендер, жаңа SIM-карталар арқылы айласын іске асыра бастаған. Өңірде жыл басынан бері мұндай қылмыстың алтауы, ал интернет-алаяқтың 600-ден астам түрі тіркелген. Сондықтан тәртіп сақшылары дабыл қағып, азаматтарды сақ болуға шақырады.