ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ - ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ
Құрылтай сайлауы – елдің саяси өміріндегі маңызды науқан. Өңірдің жас ғалымдары алдағы саяси үдерістен үлкен үміт күтеді. Олардың пікірінше, Құрылтайдың болашақ депутаттары халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, өңірлердегі өзекті мәселелерді көтеруі тиіс. Әсіресе жастарды қолдау, ғылым мен білімді дамыту мәселелері маңызды бағыттардың бірі болатынына нық сенімді.