МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департамент жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа арқау болған негізгі тақырып – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтауы, заң талаптарына бағынуына ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар барысы да сөз болды.