АПТАП ЫСТЫҚТЫ ЖАҢБЫР МЕН НАЙЗАҒАЙ АЛМАСТЫРАДЫ
Ақтөбеліктерді әбден әуреге салған аптап ыстықтың беті қайтатын түрі бар. Ертең өңірде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейіп, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Синоптиктердің болжамынша, Ауа температурасы да біршама төмендейді. Күндіз +25, түнде +12 градус шамасында болады. Дегенмен облыстың оңтүстігінде ыстық әлі де сақталады. Кей аудандарда күндіз ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі.Ал демалыс күндері ауа-райы жаңбырлы болады деп күтілуде, тұман түсуі ықтимал.