ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ - ОРТАҚ МІНДЕТ
Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау баршаға ортақ міндет! Өскелең ұрпақ бұл тақырыптың маңызын бала кезінен түсініп өсуі тиіс. Осы тұста жас буынның жазғы кезеңін қызықты әрі пайдалы өткізу үшін демалыс лагерлері түрлі танымдық кездесулер ұйымдастырып келеді. Солардың бірі бүгінгі "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында жүзеге асырылған «Жасыл ұрпақ: Туған өлкенің - жасыл әлемі» атты экологиялық іс-шара.