МӘДЕНИЕТТЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мәдениет саласының мамандары жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеруде. Облыстық халық шығармашылығы орталығында Мәдени шараларды жасанды интеллект көмегімен жандандыру" тақырыбында практикалық-тренинг өтті. Жиында мамандар заманауи цифрлық құралдарды шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарда тиімді қолдану жолдарын үйренді. Тәжірибелік сабақ барысында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдіскері өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жасанды интеллект құралдарын шығармашылық жұмыста тиімді пайдаланудың нақты тәсілдерін көрсетті.