Негізгі Жаңалықтар ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ 3 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ 3 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Еліміздің саяси тарихындағы айтулы сәт - Құрылтай депутаттарын сайлау күні облыстық перинаталдық орталық мамандары 3 сәбидің кіндігін кесті. Дүниеге Мариям, Аягөз, Сырғалым есімді періштелер келді. Ақ халаттылар ерекше сәттің тарихи күнмен тұспа-тұс келгендігін жақсылыққа балады. Қазіргі таңда аналардың да, кішкентайлардың да жағдайы жақсы.  

Бөлісу

Аймақтық телеарналар