БЕЛСЕНДІ САЙЛАУШЫЛАР
№80 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келген дауыс берушілер заманауи технологиялардың қызығын тамашалады. Мұнда келушілерді комиссия мүшелері ғана емес, гуманоидты Роботтар, дрондар мен VR көзілдіріктер қарсы алды. Барлық жобалар мұғалімдер мен оқушылардың қолынан шыққан. Дауыс беруден кейін ақтөбеліктер технологиялармен жақынырақ танысып, роботтарды басқарды.