ДАУЫС БЕРУ АЯҚТАЛДЫ
Өңірдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі аяқталды. Аумақтық сайлау комиссиясы берген мәліметке сәйкес, облыста 525 учаске жұмыс істеді. Саяси науқанға ақтөбеліктер асқан жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысты. Сайлау кезінде заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.