15 шілдеде қалада "Қазақстанның үздік тауары - 2026" және "Бір ауыл - бір өнім" өңірлік байқауы өтеді. Аймақтың үздік тауар өндірушілерін бір арнаға жинайтын жыл сайынғы іс шараға 80-ге жуық жергілікті кәсіп иелері қатысуға ниетті. Көрмені тамашалаушыларға сапалы отандық өнімдер, жаңа брендтер ұсынылмақ. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алып, аймақ өнімдерін елордалықтарға таныстыратын болады.