Негізгі Жаңалықтар ЗЕЙНЕТКЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНАН АМАН ҚАЛДЫ

ЗЕЙНЕТКЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНАН АМАН ҚАЛДЫ

Ақтөбелік 75 жастағы зейнеткер алаяқтардың құрбаны бола жаздады. Ол банк бөлімшесіне барып, өзінің 120 мың теңге көлеміндегі зейнетақысын өзі танымайтын адамның есепшотына аудармақ болған. Алайда, банк қызметкерлері клиенттің интернет-алаяқтардың ықпалында жүргенін сезіп, дереу полиция бөлімшесіне хабарласқан. Осылайша, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел түрде әрекет етіп, қарт кісіні интернет-алаяқтардың арбауынан аман алып қалды

Бөлісу

Аймақтық телеарналар