ОЙЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН
Ойыл ауданындағы білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына сақадай сай. Биыл 350 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр. Білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған. Ақшатау мен Саралжын ауылдық округтеріндегі мектептерге көгілдір отын тартылып жатыр. Ал былтыр қолданысқа берілген Екпетал мектеп-балабақшасы 1-қыркүйекте 200-ден астам оқушымен білім беру процесін бастайды.