Негізгі Жаңалықтар МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ГРАНТТАРДЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ГРАНТТАРДЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Өңірде жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық кадрларды даярлауға бағытталған гранттардың иегерлері анықталды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында барлығы 50 грант бөлінген. Оның ішінде бакалавриат бойынша бөлінген 10 білім беру грантының бесеуі «Стоматология» мамандығына, бесеуі «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасына үлестірілген. Алайда, талапкерлердің сұранысына сай «Стоматология» мамандығына қосымша тағы 2 орын бөлу туралы шешім қабылданған. Жалпы, гранттардың басым бөлігі резидентурада мамандар даярлауға бағытталып, ол үшін – 40 орын бөлінген. Ал бұл тұста үміткерлерді іріктеу бірыңғай цифрлық платформа арқылы өткізіліп, еліміздің барлық өңірінен 264 үміткер қатысқан. Оның ішінде 156-сы - Ақтөбе облысынан. Нәтижесінде резидентура бойынша бөлінген 40 орынның барлығы толықтай үлестіріліп, игерілген. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар